Анықтамасы
Қызыл кітап — саны азайып, жойылып кету қаупі төнген сирек жануарлар мен өсімдіктердің ресми тізімі. Әр түр туралы оның қайда мекендейтіні, саны неге азайғаны және оны қалай қорғау керегі жазылады.
Қазақстанның Қызыл кітабы алғаш рет 1978 жылы жарық көрді. Содан бері ол бірнеше рет толықтырылып, қайта шығарылды.